Елбасы «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

11.09.2019

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында партия жұмысын жаңғырту бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ «Jas Otan» жастар қанатының қызметін жетілдіру аясында қабылданған іс-шаралар тізбегі жеткізілді. Халықтың арыз-шағымдары бойынша жедел әрекет ету және аймақтағы азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы есеп ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша Бауыржан Байбекке бірқатар тапсырмалар берілді.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Партияның қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейтіп жатырмыз. 8 айдың ішінде 143 мың адам келді. Кеше ғана сотқа наразылық білдіріп, 27 адам келді аймақтардан. Жоғары сот төрағасы жеке тапсырма беріп соттың өкілдері бүгін адамдарды қабылдап, бәрін жеке бақылауға алып соны қарап жатыр. Жалпы халықтың сіздің саясатыңызға деген, партияның саясатына деген сенімі күшейіп жатыр.

Ербол МӘНДІБЕК 


Хабарламаларға жазылу