Президент «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

26.07.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесуде Президентке партияның қазіргі жағдайы мен Президент Әкімшілігімен бірлескен жұмыстарды қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Бауыржан Байбек өңірлерге жасаған жұмыс сапарларының қорытындылары мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына қатысу жоспары жөнінде баяндады. Мемлекет басшысы партия мүшелерін ел өміріне белсенді атсалысуға және халыққа жақын болуға шақырды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу