Елбасы Бауыржан Байбекті және Әсет Исекешевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Бауыржан Байбекті және Әсет Исекешевті қабылдады

02.06.2020

Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Онда «Birgemiz» қорының қазіргі қызметі мен партия мүшелері арасындағы іріктеу жұмыстарына дайындық – праймериз туралы айтылды. Тұңғыш Президент қор арқылы шағын қалалар мен ауылдардағы мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті де қабылдады. Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа жағдайда атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу