Елордада Еуразия елдері зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі шартқа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Еуразия елдері зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі шартқа қол қойды

09.09.2019

Елордада Еуразия елдері зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі халықаралық шартқа қол қойды. 25 жыл бұрын құрылған Еуразиялық патенттік ұйым енді өнеркәсіптік үлгілерді қорғауды қолға алды. Мәселен, бұрын ірі өнертабыстарға ғана зияткерлік меншік рәсімделсе, енді соның бір қосалқы бөлшегін патенттеп алуға болады. Оның авторлық құқығы ұйымға мүше 8 елде қатаң сақталады. Сондай-ақ, зияткерлік құқықты елдегі әділет органында рәсімдесе жеткілікті. Қабылданған шарт арқылы күші басқа елдерге де тарайды.

Алмат Мадалиев, ҚР Әділет министрінің орынбасары:

Біздің жұмысымыз осы салада бизнеске ең жоғарғы қолдау көрсету болып табылады. Өйткені, қорға болмаса ешкімнің бұл салада жаңа өнертабыс жасауға немесе бұл салаға ақша салуға ешқандай қызығушылығы болмайды. Ал  қорғау жүйесі мықты болса, онда ,сәйкесінше, бизнес өздерінң ақшасын жаңа ойлап табатын өнертабыстарға қаражат жұмсайтын болады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу