Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі спортзалдағы құрылғылардың қалай бекітілу керектігін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі спортзалдағы құрылғылардың қалай бекітілу керектігін айтты

06.09.2019

Ақпан айында Елордада мектеп оқушысына футбол қақпасы құлаған. Бала бүгінгі дейін есін жимады. Қостанайда да қақпа құлап, кішкентай бала қаза тапқаны есімізде. Дәл осындай жағдай Павлодарда да болған. Соңғы уақытта тым жиілеп кеткен жағдайға кім кінәлі? Спорт залдарындағы, шағын футбол алаңдарындағы қақпалар бекіп тұру керек пе? Тілшіміз Оңғар Алпысбайұлы маманмен сұхбаттасып қайтты.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 

Мектеп бағдарламасында футбол, волейбол, баскетбол сияқты белсенді ойын түрлерінің барлығы қарастырылған. Ал олар үшін арнайы спорт залдарының салынбайтыны белгілі. Барлығы 1 залда өтеді. Сонда ол залдарды бейімдеу мәселесі туындайды. Бұл туралы 15 жылдан бері дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып келе жатқан Дарын тілеш ұлынан білеміз. Түрлі ойындарға спорт залдарды бейімдеу мәселесі сіздердің мектептеріңізде қалай шешілген?

Дарын Құсайынов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: 

Күзгі уақытта осындай қырүйек айында футбол сабақтарын осы алаңда өткіземіз. Далада. Күн жылы кезінде. Екінші көмектем кезінде ауа райына байланысты далада өткіземіз.

- Ал бұл жердегі уақытша тұратын қақпалар қалай бекиді сіздерде? Бекіп тұруы керек пе жалпы?

- Міндетті түрде бекіп тұруы керек. Үйткені баланың бірінші қауіпсіздігіне байланысты, өмір қауіпсіздігіне.

- Қалай бекіп тұр сонда көрсетіңізші.

- Бұл құламас үшін бұны арнайы бекіттік. Жерге мысалы үшін үлкен қазық дейміз. Сондай қазықпен арнайы бекітіп, Мынадай шешілмелі трос кілтпен жауып қоямыз.

- Яғни балалар соғылатын болса, асылатын болса, бұл мықты тұрады, иә?

- Ал спорт залдарының ішінде волейболдың құрылғылары, қақпалар қалай тұруы керек?

- Волейболдың құрылғысы көбінесе зауыттан шыққан кезде олар стандарттық жағдайда арнайы жерге, еденге орнатылатын бетонға бекітетін цилиндрмен келеді.

- Ал футбол қақпалары сіздерге келген кезде арнайы бекітетін орны бар ма? Әлде болмайды ма?

- Көбінесе мыналар мектепке келген кезде арнайы бекітетін болған жоқ. Кейбір мектептерде, мысалы үшін, «бетонды» дейміз кейбір мектептерде, мысалы үшін, «ағаш еден» деп айтуға болады. Соған байланысты әр түрлі шығыршықпен «анкер» дейміз сонымен орнатамыз. Оны ауыспалы түрде орнатып, сабақ біткен кезде оны шешіп, ауыспалы түрде орнатуға біз міндеттіміз. Әр мектеп және әр мұғалім оны міндетті түрде қадағалауы керек.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 

Рахмет! Көбіне ойын балалары қақпа бағанына асыламыз деп, оны құлатып алады, оқыс оқиғаға тап болады. Сондықтан мектеп әкімшілігі де, оқушылардың өздері де барынша сақтағаны абзал.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу