БҰҰ: Ядролық сынақтарға ешқашан рұқсат етілмейді
АҚШ президенті Дональд Трамптың 33 жылда алғаш рет ядролық сынақтарды қайта бастау туралы мәлімдемесі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілікті. Ал вице-президент Джей Ди Ванс бұл шешім ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды деп мәлімдеді. Трамп ядролық сынақты бастау туралы жазбасын Қытай лидері Си Цзиньпинмен кездесуден бірер минут бұрын жариялады. Бұл ядролық қарудағы бәсекелес Ресей және Қытай елдеріне белгі іспеттес. Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында «АҚШ-та өзге елдерге қарағанда көбірек ядролық қару бар. Ресей екінші орында, ал Қытай бес жыл ішінде теңеседі», - деді.
Бұған Кремль пікір білдірді. Қандай да бір ел ядролық сынақ өткізу мораторийін
бұзса, Мәскеу жағдайға қарай әрекет ететінін мәлімдеді. АҚШ-тың ядролық қару
сынау жоспары халықаралық қауымдастықты алаңдатып отыр. 
Фархан Хак, БҰҰ өкілі:
Бас хатшы қазір ядролық қауіп аса жоғары екенін бірнеше қайтара айтты. Соңы апатқа, шиеленістерге әкелетін кез келген әрекеттен аулақ болу қажет. Соңғы 80 жылда өткізілген 2 мыңнан аса ядролық қару сынағының апатты салдарын ешқашан ұмытпау қажет. Ядролық сынақтар ешбір жағдайда рұқсат етілмеуі тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                 
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    