Карл III патшаның інісі Эндрю ханзада титулынан айырылды
Ұлыбритания королі Карл ІІІ туған інісі Эндрю ханзаданы барлық атағы мен құрметті лауазымынан айырмақ. Бұл мәліметті Букингем сарайы жариялады. Ханзада бұдан былай Эндрю Маунтбеттен-Виндзор деген есіммен аталады. Бұған қоса ол Royal Lodge резиденциясынан кетіп, басқа үйге көшеді. Соңғы күндері атышулы америкалық миллиардер Джеффри Эпштейнмен байланысы үшін Эндрюге қарсы қысым күшейген еді. Бұл аптада осы іске қатысты тың мәлімет жарияланды. 2006 жылы ханзада Эпштейн мен оның құрбысын өз резиденциясында қонақ еткені мәлім болды. Бұл даудан кейін Ұлыбритания монархы да інісінің әрекеті үшін жұрттың сынына ұшыраған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16