Түркістан облысындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысының Шәуілдір ауылындағы тұрғын үйдегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жарылыстың қатты болғаны соншалық қасында тұрған көпқабатты үйдің де терезелері сынып, көліктер бүлінген. Үш пәтердің қабырғалары жарылған. Қазір тұрғындар туыстарының үйіне уақытша қоныстанды. Бұл баспана 6 жыл бұрын қызметтік пәтер ретінде берілген. Тұрғындардың сөзінше, жуырда газ құбыры тартылып, мамандар кеше табиғи газды қосқан. Газ қоспасы жарылғанда көпқабатты үйде жеті адам болған. Апат болған кезде жарақат алған әйел адам ауруханада ем алып жатыр.
Жасұлан Байназаров, Отырар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Жағдайының ауырлығына байланысты жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Санавиация желісі арқылы облыстық клиникалық ауруханасынан тиісті мамандар шақыртылып, еміне коррекция жасалды. Қазіргі таңда емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде.
Қыдырбай Сейітқұл, Отырар ауданы әкімінің орынбасары:
Бұл 12 пәтерлі тұрғын үй. Оның қазіргі таңда 1, 2, 3 қабаттағы пәтерлері 3 мың 60 шаршы метр, бүгінгі таңда 193 шаршы метр жерге зақым келіп отыр. Зардап шеккендерге алдағы уақытта осы тергеп-тексеру амалдары бітеді. Біз экспертиза шақырдық. Экспертиза тағайындалып жатыр. Экспертизаның қортындысы негізінде жарамдылық қорытындысын берген жағдайда бір-екі апта көлемінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05