Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады

03.09.2019
Мемлекет басшысы бүгін сондай-ақ Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньерді қабылдады. Кездесуде Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал, оның ішінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат мәселесі талқыланды. Ламберто Заньер мырза мемлекеттің этностардың тілдерін дамытуға жасалған жағдай мен этносаралық, дінаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Жолдауында белгіленген қоғамның саяси трансформациясы бойынша міндеттер негізінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысқа кіріскенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жастар саясатының жаңа басымдықтары туралы да хабардар етті.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу