Астанада сайлау үрдісін жетілдіруге бағытталған семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада сайлау үрдісін жетілдіруге бағытталған семинар өтті

05.11.2015
Астанада сайлау үрдісін жетілдіруге бағытталған семинар өтті
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламар офисінің мамандары тәжірибелерімен бөлісті.

Әйелдердің, жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының сайлау құқықтары толық сақталуы тиіс. Себебі, осы тұрғындар дауыс беруге жеткілікті дәрежеде тартылмай қалады.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы осы түйіткілді арқау еткен семинар өткізді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламар офисінің мамандары тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, еліміздегі сайлау үрдісін демократияландыруды дамыту және оның халықаралық беделін нығайтуға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу