Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ өкілімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ өкілімен кездесті

24.06.2022

Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады. Президент ұйымның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Матео Мекаччиге жаңа Қазақстанды құруға бағытталған реформалар туралы айтты. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен бюро арасындағы меморандумды қолдайтынын жеткізді. Ал Матео Мекаччи елдегі өзгерістерге оң баға берді. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу