Президент: ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайту Қазақстан үшін басым бағыт саналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайту Қазақстан үшін басым бағыт саналады

07.06.2023

Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін мейманға алғыс айтып, аталған форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жаңа алаң екенін атап өтті. Кездесуде Қазақстан мен халықаралық ұйым арасындағы ынтымақтың қазіргі жай-күйі мен оны дамыту перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сіз бастап келген делегация осы форумда көптеген түйткілді мәселелердің оң шешілуіне елеулі үлес қосады деп санаймын. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастықты нығайту Қазақстан үшін басым бағыт саналады. Біз ұйым аясындағы байланыстарды нығайту қажет екеніне бұрынғыдай кәміл сенеміз.

Хельга Шмид, ЕҚЫҰ Бас хатшысы:

Астана халықаралық форумына қатысуға шақырғаныңыз үшін алғыс білдіремін. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы белсенді рөлін оң бағалаймын. Қазір мәмілеге келу үшін бір-біріміздің пікірімізге құлақ асу өте маңызды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының негізі міндеті де – осы.

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу