Алматы еліміздегі сайлаушылардың саны жағынан көш басында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы еліміздегі сайлаушылардың саны жағынан көш басында тұр

09.06.2019

Мұнда бүгін кешке дейін 1 миллион 130 мың 792 тұрғын мен арнайы тіркелген қала қонақтары дауыс беріп, өз таңдауын жасайды. 554 учаскелік сайлау орындарында әзірге ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Себебі, қаладағы дауыс берудің ашықтығын бақылау үшін 85 халықаралық байқаушы келген. Оның үстіне үкіметтік емес ұйымдар да сайлауға байқаушы ретінде қатысып үлес қосуда. Ал, мегаполисте учаскелер тұрақты әрі тасымалданатын сайлау жәшіктері және қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілген. Жүруі қиын егде жастағы қарт кісілер телефонмен шақырту арқылы дауыс бере алады.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

Біздің қоғамдық бірлестіктер де осы сайлауға қатысады. Сондықтан, бүгінгі сайлау ашық, жария, әділ өтетін болады. Барлық біздің сайлаушыларды, алматылықтарды бүгін сайлау учаскесіне шақырамын. Менің ойымша, Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің дамуын, болашағын, тұрақтылықты, келісімді ойлайды. Біздің еліміз бірге болса, елімізді бәріміз қолдасақ, өз таңдауымызды жасасақ, онда болашақта да біздің қаламыз, біздің мемлекетіміз одан әрі дами береді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу