Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты

23.07.2019
Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты.

«Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыру қазіргі уақытта елорда әкімдігі «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ-мен, Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірге «Астана банкі» АҚ-дағы бұғатталған қаржысын алу мәселесін қарастыруда. Жобаны одан әрі іске асыру мәселесі 24 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаралатын болады. Алдағы уақытта әкімдік осы жобаны жүзеге асырудың нұсқаларын ұсынады. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша толық ақпаратты беретін боламыз. Жоба аяғына дейін жеткізіледі, нысанды тапсыру мерзімі алдағы жылдың соңына белгіленіп отыр», - деді Ж.Қасымбек.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу