Басты Жаңалықтар Қазақстандық альпинистерді құтқару жұмыстары жалғасуда

Қазақстандық альпинистерді құтқару жұмыстары жалғасуда

Қазақстандық альпинистерді құтқару жұмыстары жалғасуда

Қырғызстан тауларында жоғалған альпинистерді құтқару операциясы жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды. 

«Қырғызстан тауларында құтқару операциясы жалғасуда. ҚР Қорғаныс министрлігінің үш әскери альпинисі Хан Тәңірі шыңынан төмен орналасқан «Қарқара» базалық лагеріне жеткізіледі. Осы жерден олар «Қазавиақұтқарудың» МИ-703 (171) тікұшағымен шекарадан өтетін «Кеген» пункті арқылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қаракөл қаласына жіберіледі. Құтқару отряды жоғалған альпинистер тіркелген «AK-SAI TRAVEL» туркомпаниясының лагеріне барады. Олар қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. Құтқарушылардың шыңға шығуда тәжірибе жинақтаған нағыз мамандар екенін атап өткім келеді. Топты Мақсұт Жұмаев басқаруда»,- деп жазды Алматы әкімі.

Бөлісу