QazaqGeography бастамасымен «Менің Қазақстаным» фотобайқауы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

QazaqGeography бастамасымен «Менің Қазақстаным» фотобайқауы жарияланды

02.08.2018
QazaqGeography бастамасымен «Менің Қазақстаным» фотобайқауы жарияланды

QazaqGeography 1 тамыздан бастап «Менің Қазақстаным» фотобайқауын жариялайды.

Байқаудың міндеті — табиғат, қалалар, адамдар, Астана – төрт тақырыптық санатындағы ең қызықты, шығармашыл және әдемі фотосуреттерді табу. Қазылар алқасының құрамында QazaqGeography басшылығы, сондай-ақ, PrimeMinister.kz бас редакторы Александр Белиловский және кәсіби фотографтар Деонисий Мить пен Максим Золотухин бар. 

Әрбір тақырыптық санаттың жеңімпаздары сыйлық сертификаттарына және басқа да жүлделерге ие болады, ал қазылар алқасы іріктеген үздік фотосуреттер QazaqGeography фотокөрмесінде ұсынылады. Астана суреттері, сондай-ақ, елорда тарихы жөніндегі қызықты графикалық, мәтіндік, картографиялық ақпаратты қамтитын «Астана: тарих кезеңдері» интерактивті жобасында жарияланатын болады. 

Фотобайқауға қатысу үшін QazaqGeography мүшесі болу қажет. Мүшелік Қоғамның іс-шараларына және экспедицияларына қатысуға мүмкіндік береді.

Байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. 

QazaqGeography бес бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғат ресурстары; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі таңда Қазақстанда 11 өкілдік ашылған. Қоғам жобаларды ERG және KAZ Minerals демеушілік қолдауымен жүзеге асырады.

 

Хабарламаларға жазылу