«QazaqGeography» қоғамдық бірлестігі «Менің Қазақстаным» фотосайысын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QazaqGeography» қоғамдық бірлестігі «Менің Қазақстаным» фотосайысын жариялайды

29.08.2018
«QazaqGeography» қоғамдық бірлестігі «Менің Қазақстаным» фотосайысын жариялайды

«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі «Менің Қазақстаным» фотосайысын жариялайды. Сайысқа қатысу үшін аталмыш қоғамдық бірлестікке мүше болу міндетті. Фотобайқау төрт тақырып бойынша өтеді: «Астана», «Табиғат», «Адамдар», «Қалалар».
 

Қатысушы сайыстың бір сериясына 10 фотосуретке дейін бере алады және барлық серияларына фотосуреттер ұсына алады. 

Жүлделер Ұйымдастырушының қалауымен таңдалады. Сайыстың әр санатында үш жүлделі орын бар. Көрермендер көзайымы жүлдесі Tengrinews.kz онлайн-галереясындағы барлық сериялардың нәтижелері бойынша ең көп дауыс алған фотосуретке беріледі.

Жүлделер:

Электронды-тұрмыстық техника дүкендер жүйесінің сыйлық сертификаттары

Сайыстың әр санатында үш жүлделі орын бар.

I орын - 100 000 тг,

II орын - 70 000 тг,

III орын - 50 000 тг.


Байқауға қатысуға өтінім беру 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу