«Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды

15.10.2020
«Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды. 

Ән марафоны атақты композитор, ән өнерінің әйгілі майталманы, қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі, Әнұран әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналды.

Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова бастаған халықаралық музыка челленджіне әлемнің 30-дан астам мемлекетінен мыңнан астам азамат қатысты. Жалпы «Менің Қазақстаным» эстафетасы 300 мыңнан астам көрерменді қамтыды. 

Ақтоты Райымқұлова «Менің Қазақстаным» челленджіне атсалысқан еліміздің Сыртқы істер министрлігіне, алыс-жақын шет елдердегі қандастарымызға, еліміздегі барлық концерт ұйымы мен жеке орындаушыға алғыс айтып, «Арыс жағасында» әнін тарту етті. Сонымен қатар барлық қатысушы онлайн форматта қосылып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

Менің Қазақстаным Мәдениет және спорт министрлігі Шәмші Қалдаяқов

Хабарламаларға жазылу