«Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі басталды

21.10.2014
«Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі басталды

Астанада Шәмші Қалдаяқов әндерінің «Менің Қазақстаным» деп аталатын халықаралық фестивалі ашылды.

«Қазақ вальсінің королі», «ән патшасы» Шәмшінің әндерін білмейтін қазақ кемде-кем. Байқауға 24 жас әнші қатысып жатыр.

Олардың орындаушылық қабілеттерін Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Жеңіс Сейдоллаұлы, Алтынай Жорабаева, Азамат Жылтыкөзов бағалайды.    

Жәния Қалдаяқова, Шәмші Қалдаяқовтың жары:

Шәмшінің еңбегін, өнерін ұмытпаған біздің жастарға, бүкіл қазақ халқына үлкен рахметімді айтамын.

Бибігүл Төлегенова, КСРО Халық әртісі:

Болашақта конкурсты кішкене күрделірек жасау керек. Тек қана Қалдаяқовтың кішкентай әндерін ғана емес, кең диапазонды, дауысы бар адамдар айтатын шығармалары бар, соларды айту керек.

 

Зарина БҮЙЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу