«Менің Қазақстаным» пойызы Арқалыққа жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің Қазақстаным» пойызы Арқалыққа жетті

26.03.2015
«Менің Қазақстаным» пойызы Арқалыққа жетті

Пойыз делегаттары мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері Торғай даласының бас қаласы Арқалықтың қазіргі жағдайымен танысты.

Сондай-ақ, арнайы пойыздың басшылық құрамы, Арқалық қаласындағы кемтар жандарға арналған интернатқа бас сұқты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен халық қалаулыларынан құралған бір топ азамат, интернат басшылығына теледидар, жылы киімдер мен сыйлықтар табыс етті.

Өз тарапынан ризашылығын білдірген интернат тәрбиеленушілері келген қонақтарға өнерлерін көрсетті.

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу