Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкенбаев 13-ші жеңісімен елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкенбаев 13-ші жеңісімен елге оралды

08.06.2018

Америка құрлығы бойынша WBC және IBO intercontinental белдігінің иегері, кәсіпқой боксшы Батыр Жүкенбаев Алматы студиясының қонағы болды. Жақында спортшы Америкада 13-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

«26 маусым күні өткен жекпе-жек 7 раундқа созылды. 7-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеттім. Бұл менің тәжірибемдегі 11-ші нокаутым. Қарсыласым өте тәжірибелі, нокаут алмаған. Спорт болған соң бәріне дайын болу керек. Нокдаун алғаныма қарамастан, ойымда тек жеңіске жету болды. Шет елде болса да, халықтың қолдауы мықты әсер берді.

Әлем чемпионы болу үшін аз уақыт қалды деп ойлаймын. Команда болғандықтан, промоутерлерге де байланысты. Жалпы, дайындығымыз жақсы. Қазір Канада мемлекетіндемін, жекпе-жектер де сонда. Алайда, АҚШ-та жекпе-жек өткізу – арманым», -  дейді боксшы.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу