Елордалық жанкүйерлер Головкин-Джейкобс кездесуін үлкен экраннан тамашалады (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық жанкүйерлер Головкин-Джейкобс кездесуін үлкен экраннан тамашалады (ФОТО)

19.03.2017
Елордалық жанкүйерлер Головкин-Джейкобс кездесуін үлкен экраннан тамашалады (ФОТО)

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин  (36-0, 33 КО) мен WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы кездесу «Қазмедиа Холл» киноконцерт залында тікелей эфирден көрсетілді.

Астана тұрғындары мен қала қонақтары жекпе-жекті үлкен экраннан HD форматында тамашалады.

Жанкүйерлер арасында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та бар. Сонымен қатар, жерлесімізді қолдауға көппен бірге  кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров келді.

Көрсетілім демеушісі – «Қазақстан» РТРК» АҚ.

Естеріңізге саламыз, кездесу қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Геннадий Головкин WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы титулдарын қорғап қалды. Отандасымыз иелік ететін IBF тұжырымы бойынша чемпиондық титул Джейкобстың  таңғы салмақ өлшеуден бас тартуына байланысты сарапқа салынбады.

Жұдырықтасу  Геннадий Головкиннің кәсіби рингтегі 37-ші жекпе-жегі болды. Ол 37 жұдырықтасуының біреуінде де жеңіліп көрмеген және 33-ін нокаутпен аяқтаған. Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде өткен бокс кеші «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан  тікелей эфирде көрсетілді. 

Хабарламаларға жазылу