Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді

27.05.2017

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қарсыласы мексикалық Густаво Гарибайды нокаутқа түсіріп, кәсіпқой рингтегі 21-ші жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жектің үшінші раундында Тұраров қарсыласын нокдаунға түсірген. Кейін үдете соққан соққысынан раунд аяқталар тұста рефери жұдырықтасуды тоқтатты. Боксшылар арасындағы бұл кездесу АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен болатын.

Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 15-і уақытынан бұрын аяқталды. Гарибай өз кезегінде мансап жолында 9-шы рет жеңіліс тауып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Жанқош Тұраров  пен Густаво Гарибай арасныдағы тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары.

Хабарламаларға жазылу