«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Сәлем, Қазақстан!» бағдарламасы эксклюзивті форматта үшінші жаңа маусымын бастады. Алғашқы қонақ – белгілі әнші жұп Тоқтар мен Бейбіт.
Сахна жұлдыздары тыңдармандарға сағынышқа айналған ескі әндері мен бірқатар жаңа туындыларын тарту етті. Сондай-ақ, басты кейіпкерлермен бірге жас әншілер Елжас Оспан мен Елдос Дон өнер көрсетті.
Жаңа маусымдағы ерекшелік – енді Тәуекел және Еркемен қатар бағдарламаны Дәулет Бижанов жүргізеді.
Алдағы уақытта «ҚазМедиаХолл» сахнасында өнер көрсететін эстрада жұлдыздары:
22 ақпан 19:00-де ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев. Қонақта – Алма Аманжолова, Нұрболат Абдулин.
2 наурыз 19:00-де Нұржан Керменбаев
9 наурыз 19:00-де Жанар Айжанова. Қонақта - Нұрлан Албан, Айжұлдыз Адайбекова.