Оразамбай Егеубаев Алаш қайраткері Таңжарық Жолдыұлының шығармашылығын насихаттауға өмірін арнаған қаламгер. Тұлғаның Таңжарық ақынның екі томдық толық жинағы және «Таңжарықтану», «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар», «Таңжарық Жолдыұлы» атты зерттеу материалдары соның дәлелі. Сондай-ақ, «Өмір өткелдері», «Адам, ат, ит», «Тауұлы» кино-романы, «Таңжарық» 5 бөлімді көркем фильмі де Оразамбай Егеубаевтың елеулі еңбектерінің бір парасы.
Сонымен қатар, Оразамбай Егеубаев қазақ фольклорын жинақтаушы және зерттеуші ретінде де белгілі. Еліміз үшін теңдесі жоқ жоба – «Бабалар сөзі» 100 томдығының 15 томы осы Оразамбай Егеубаев жинақтаған Шығыс Түркістан қазақтарның фольклоры және ол сол 15 томның редакторлық қызметін де қоса атқарды.
Бір институт атқаруға тиісті жұмысты жалғыз өзі жүзеге асырған Оразамбай Егеубаевтың қазақ руханиятына қосқан үлесі өлшеусіз.
Толығырақ «Таңшолпанда».