Асық ату: «алматинка» немесе «шымкент» деген ойын түрлерін естуіңіз бар ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асық ату: «алматинка» немесе «шымкент» деген ойын түрлерін естуіңіз бар ма?

23.05.2018

Халықаралық ойындардың спорттық тізіміне енбесе де, асық атудың өзіне тән өзгеше ережесі, әдіс-тәсілдері көп. Халқымыздың дәстүрлі ойыны саналатын асық ату адамды мергендікке, ептілікке, шеберлікке, батылдыққа, дер кезінде шешім қабылдауға үйретеді.

Алшы, тәйке, бүге, шіге, тұрық, сомпы, оңқай, солақай, сақа, құлжа, жабайт, шүкімайт және тағы басқасы. Асықтың түрлері, әрқайсысының өзіндік ережесі мен ойнау тәсілдері бар. Кейбір жерлерде асық ату ойынын жалпылама «табан» деп те атайды. Ал, 1960-1970 жылдары асық ойыны «өріс» деп те аталған екен. Сол кезде қалаларда «алматинка» немесе «шымкент» деген ойын түрлері де болған деседі.

Қазақ жақсы көрген баласына «алтын асықтай» немесе «киіктің асығындай» деген теңеулер қосып, еркелеткен екен. Тіпті келіні босануға уақыты жақындағанда ырымдап, асық жинаған. Бұл «Құдай ұл берсе екен» деп тілегені. Мұндай фразеологизмдер мен ырымдар асықтың айырықша символикалық мәні бар екенін аңғартса керек.

 

Толығырақ «Ұлттық өнер» айдарында.

Хабарламаларға жазылу