Оразкүл Асанғазықызы: Ел боламыз десек, әрқайсымыз бәсекеге қабілетті болуымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оразкүл Асанғазықызы: Ел боламыз десек, әрқайсымыз бәсекеге қабілетті болуымыз керек

17.04.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы - қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы.

Оразкүл Асанғазықызы:

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының шықаннына биыл бір жыл болды. Сол мақаланы насихаттау мақсатында министрлік құрамында біраз мекенді араладым. Сол мақалада керемет сөз бар. Ол - ұлттық код. Кез келген елдің ұлттық коды өзінің терең тарихынан нәр алмаса, ол халық адасады. Тәуелсіздік алғалы қанша жетістіктерге жетсек те, ұлттық қасиеттерден алшақ кетіп жатырмыз.

Жоғарғыы оқу орындарын аралап, ұлттық құндылықтар туралы семинар-тренингтер өткізіп жүрмін. 

Осының бәрін айту үшін өзім де дайын болуым керек. Біраз оқулықтарды оқыдым, әлемдік дәрежедегі он мықты психологтың кітаптары мен видеоларын тыңдадым.

Енді айтатыным, ел боламыз десек, әрқайсымыз бәсеге қабілетті болуымыз керек».

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу