Интеграцияның игілігі мол
Қазақстанның 40 компаниясымен жұмыс істейміз. Бұған қоса, ресейлік кәсіпорындардан да сұраныс түседі. Көп емес, бірақ зауыт дамыған сайын, өндіріс көлемі ұлғайған сайын тапсырыс та артып келеді.
Зауыт жылына 3 миллиард теңгенің өнімін өндіреді. Былтыр 95 миллион доллар көлемінде жеңілдетілген несие алып, жаңа қондырғылармен жарақтанды. Өйткені, озық технология еңбек өнімділігін арттырады.
Евгений Морозов, оператор:
Қазақстанның экономикасы қырғыз, тәжік елдерімен салыстарғанда әлдеқайда жақсы дамыған. Сондықтан Кедендік одақ үш елге де тиімді. Бірақ, болашақта бәрі де Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болады. Сол кезде біз бәріміз де бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Ол үшін өнеркәсіп саласын дамыту керек. Осы орайда, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында еңбек өнімділігін 5 есеге арттыру керек деген сөздері өте өзекті, әрі маңызды шешім деп ойлаймын.
Солтүстік Қазақстан Ресейдің үш облысымен шектеседі. Оның екеуі Омбы мен Түмен өңірлерінде мұнай өндіріледі. Сондықтан зауыт ұжымы өз өнімдерін негізінен осы аймақтарға экспорттап, оның көлемін жылдан-жылға арттыруды көздеп отыр.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеке мектептерге талап күшейеді
17.01.2026, 20:10
Астанада Талдау мектебінің бесінші маусымы ашылды
17.01.2026, 20:07
Павлодар облысында өрт кезінде екі баласынан айырылған отбасына баспана берілді
17.01.2026, 20:06
Бесқайнар ауылының қоқыс полигонына 347 миллион теңге айыппұл салынған
17.01.2026, 20:03
Энергетика министрі үшінші жылу электр орталығының құрылысын сынға алды
17.01.2026, 20:02
Иранда жаппай шерулер кезінде қаза тапқандар саны 3090-ға жетті
17.01.2026, 20:01
Ақ Үй Газа секторын уақытша басқаратын кеңес мүшелерінің есімдерін атады
17.01.2026, 20:00
Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді
17.01.2026, 19:57