Уитни Хьюстонның қызына ота жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уитни Хьюстонның қызына ота жасалды

22.02.2015
Уитни Хьюстонның қызына ота жасалды

Комада жатқан Уитни Хьюстонның қызы Бобби Кристинаны трахей арқылы дем беру бөліміне ауыстырды. 21 жастағы бойжеткеннің күйеуі Браун оны 31 қаңтар күні үйінде ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған.  

Әншінің қызына  трахеотомия, яғни, арнайы түтік арқылы демалдыру үшін тыныс алу жолдарына хирургиялық ота жасалды.

Бобби Кристина америкалық танымал әнші Уитни Хьюстонның жалғыз қызы. Әнші  бар мүлкін қызының атына аударып кеткен.

Еске сала кетейік, Уитни Хьюстон 2012 жылы 12 ақпанда Беверли-Хиллздағы «Beverly Hilton» қонақүйінде қайтыс болған. 48 жастағы әнші соңғы кездері есірткіге тәуелділіктен емделіп жүрген еді.

Хабарламаларға жазылу