Бесінші жарыс күні татар қызы Малика өзін басқа қырынан көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бесінші жарыс күні татар қызы Малика өзін басқа қырынан көрсетті

12.11.2017

«Silk Way Star» сахнасына келесі болып татар қызы Малика шықты. Ол керемет актриса Лайза Миннелли ойнайтын фильмнен ән шырқады. 6 реттік санымен сахна төріне шыққан әншінің әні «Life is a cabaret» деп аталады.

«Осыған дейінгі эфирлерде мен нәзік, романтикаға толы болсам, бүгін мені көрермендер мүлде басқа қырымнан тани алады», - дейді Татарстан әншісі.

Қазылар алқасының мүшесі Парвин Юсуфи (Тәжікстан):

- Шынымды айтсам, байқауда отырғанымды ұмытып кеттім. Қойылымға қарап отырып, кабареде отырғандай күй кештім. Сен бізді сол кеңістікке алып кеткендей болдың. Негізі тамаша орындау. Тырнақтай да мін жоқ. Мін табу ойыма кіріп-шығар емес. Малика, сен үздіксің.

Хабарламаларға жазылу