«When You Believe» әнін орындаған Ефенди жарыс күнінің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«When You Believe» әнін орындаған Ефенди жарыс күнінің жеңімпазы атанды

12.11.2017

«Silk Way Star» сахнасына келесі болып шыққан үміткер жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап әлемдік музыканың ең үздік дауыстары атанған Уитни Хьюстон мен Мэрайя Кэридің бірге орындаған тамаша әнін жалғыз орындады. Ол, әрине, Ефенди.

Байқаудың кезекті жарыс күні Әзірбайжан аруы Мысыр ханзадасы мюзиклындағы әнді орындады. Туынды «When You Believe» деп аталады.

«Silk Way Star» жобасының көрермендерінің маған деген махаббатын арттыра түсемін деп ойлаймын», - дейді әнші.

Қазылар алқасының мүшесі Мансур Ташматов (Өзбекстан):

 

- Бүгін Ефенди мүлде басқаша шырқады. Ол өзіне күрделі шығарманы таңдап алған екен. Қазылар алқасы тіпті сен үшін алаңдап қалды. Төменгі ноталарда жеткізбей қою бар екен, сондықтан, мұқият болғаның дұрыс. Жоғарғы ноталарда мін жоқ. Тамаша, әдемі болды. Ән тамаша шықты деп айтуға болады. Сен шығарманы керемет алып шықтың.

Хабарламаларға жазылу