«Таңшолпан». Бүкіләлемдік құрылтайдың ашылғанына – 25 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүкіләлемдік құрылтайдың ашылғанына – 25 жыл (ВИДЕО)

19.09.2017

Осыдан 25 жыл бұрын 19-қыркүйекте Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Осыған орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, аудармашы Дүкен Мәсімхан студия қонағы болды. Дүкен Мәсімхан - Қытай елінен атамекенге оралған азаматтардың бірі.

«1990-шы жылдардың басында Кеңес Одағының ыдырағаны туралы белгілі болды. Біз, қазақ егемендікке қашан жетеді екен деп елеңдеп жүрдік. Ол кезде жасым 28-де. Ғылыми қызмет атқарып жүрдім. 1993-жылдың басында елге оралдым.

Шеттегі қазақтардың Отанына оралуына Елбасының үлесі зор.  Тәуелсіздік алмай тұрып-ақ сырттағы қандастардың жағдайы туралы, олардың елге оралуы туралы мәселелерді қарастырды.

Шетте жүрген ағайындардың Қазақстанға деген ықыласы мен махаббаты екі есе десе болады. Себебі, қай қиырда болса да, қазақ елі тұтас болды», - дейді ақын.

Хабарламаларға жазылу