«Таңшолпан». Әнші Ринат Малцагов: Күзде Павлодар қаласында жеке шығармашылық кеш өткіземін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әнші Ринат Малцагов: Күзде Павлодар қаласында жеке шығармашылық кеш өткіземін (ВИДЕО)

20.07.2017

Әнші Ринат Малцагов бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Қазіргі таңда жаңа әндер жазып жатырмыз. Күзде Павлодар қаласында жеке шығармашылық кешімді өткіземін.

Қыркүйек айында Лондонға барып, әніме бейнебаян түсіреміз. Өйткені, әннің тақырыбы уақытқа байланысты. Қазір барлығы дайындық үстінде. Нәтижесін көре жатарсыздар.

Көптеген әншілер бейнебаяндарды шетелде түсіретіні белгілі. Оның ішінде Ташкент қаласында. 8-10 жыл бұрын Өзбекістанда түсірілім арзан болса, қазір ол қымбаттады. Ол қаржыға елімізде де бейнебаян түсіруге болады», - дейді өнер иесі.

 

Хабарламаларға жазылу