Ернар Айдар: Бұл концерт мен әлі армандап үлгермеген кеш - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ернар Айдар: Бұл концерт мен әлі армандап үлгермеген кеш

08.03.2018

«Таңшолпан» бағдарламасының Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шығарылымында белгілі әнші Ернар Айдар студия қонағы болды.

Танымал әнші хабар барысында 8 наурыз күні Астанада өтетін өзінің жеке шығармашылық концерті жайлы айтып берді.

«Бұл ән кешінің ұйымдастырылуы ерекше болды. Алтынбек Қоразбаев, Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев секілді аталарыммен бірге беретін концерттің мен үшін ерекшелігі – ол мен әлі армандап үлгермеген кеш. Сондықтан, ел сыйлаған аңыз адамдарға алғыс айтамын», - деді Ернар Айдар.  

Сөз соңында Ернар Айдар еліміздің барша қыз-келіншектерін құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Айта кетейік, Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай ұйымдастырылған кеш бүгін сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.

Хабарламаларға жазылу