Ақылбек Жеменей: Ертеңгі кеште жаңа әндер орындалып, қызықты бағдарламалар ұсынылады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылбек Жеменей: Ертеңгі кеште жаңа әндер орындалып, қызықты бағдарламалар ұсынылады (ВИДЕО)

14.04.2016
Ақылбек Жеменей: Ертеңгі кеште жаңа әндер орындалып, қызықты бағдарламалар ұсынылады (ВИДЕО)

15 сәуір, сағат 19.00-де Алматыдағы Республика сарайында әнші Ақылбек Жеменейдің концерті өтеді. Шығармашылық кешіне байланысты әншінің «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

«Алматыға келгеніме 13 жыл өтті. Бұл - алғашқы жеке кешім. Концертте жаңа әндер орындалып, қызықты бағдарламалар ұсынылады», дейді ол.

Қайып Қорабайұлының «Жадау көк» әнімен танылған өнер иесі бүгінде көптеген хит әндердің орындаушысы.

 «Әннің сапасы дұрыс болса, халықтың жүрегіне жетеді. Көлікте келе жатқандар сенің әнің орындалып жатқанда, «Мына әнді өткізіп жіберші» демесе, жетістікке жеткеніміз сол болар», дейді әнші.

Концертке Мейрамбек Бесбаев, Ринат Зайытов, Айгүл Қосанова, Тамара Асар, Диана Шарапова, Ғаділбек Жанай, Асхат Тарғынов, Бауыржан Ретбаев және «Арай» тобы қатысады.

Әншінің шығармашылық кешіне орай   kaztrk.kz сайты арнайы байқау ұйымдастырып жатқанын естеріңізге саламыз.

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».

 

 

 

Хабарламаларға жазылу