Ринат Малцагов сахнадағы 10 жылдығына орай туған жерінде жеке кешін өткізбекші (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ринат Малцагов сахнадағы 10 жылдығына орай туған жерінде жеке кешін өткізбекші (ВИДЕО)

25.04.2016
Ринат Малцагов сахнадағы 10 жылдығына орай туған жерінде жеке кешін өткізбекші (ВИДЕО)

Әнші Ринат Малцагов Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

Ринат  - 2006 жылғы «SuperStar KZ» байқауының қатысушысы.

«10 жылдың ішінде шығармашылығымда бірталай өзгерістер болды. Әндер жазылып, бейнебаяндар түсірілді. Жеке өміріме келер болсам, отбасын құрдым», дейді әнші.

Біршама жыл продюсер Жан Мұқановпен жұмыс істеген әнші екіжылдық келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін жеке еңбек ете бастады.

Өнер иесі сахнадағы 10 жылдығына орай жаз мезгілінің соңына қарай туған жері Павлодар қаласында жеке кешін өткізбекші.

Әншінің бұдан өзге қандай жаңалықтары бар? Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда». 

Хабарламаларға жазылу