«Таңшолпан»: Әнші Нұрғали Нүсіпжанов: 15 шілде күні елордада жеке концертім өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан»: Әнші Нұрғали Нүсіпжанов: 15 шілде күні елордада жеке концертім өтеді (ВИДЕО)

12.06.2017

ҚР Халық әртісі, әнші Нұрғали Нүсіпжанов бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«15 шілде күні Құрманғазы оркестірінің сүйемелдеуімен жеке шығармашылық концерт өткіземін. Қазір дайындық үстіндеміз.

Қазір төрткүл әлемнің назары бізде. «ЭКСПО-2017» – жас, егемен мемлекетіміздің ширек ғасырда істеген ісі. Еліміздің болашаққа деген көзқарсы, ой-парасаты осындайда байқалады. Қазақстанның көрсететіні бар. Көптеген елдің басшылары, сарапшылары, ғалымдары біздің елге де өнер болады. Үйренетін, ойланатын дүниелер әлі көп.

«ЭКСПО» қалашығын сыртынан аралып шықтым, Қазақстанның павильонын көрдім. Өнердің адамы болғандықтан техника салсына тұжырым жасай алмаймын. Жалпы, табиғи ресурстар мәңгі емес. Сондықтан ғалымдар тиімді жағдайларды ойлап шығаруға міндетті. Біз соларың тілекшілеріміз», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу