Астанада Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласына арналған «Үркер-2017» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.
Бір ай көлемінде келіп түскен 100-ден астам өтінімнің арасынан үздік деп танылған жұмыс авторларына естелік мүсінше мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі, жүлде қоры - 15 миллион теңге.
«Үздік фотосурет» номинациясында - «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің қызметкері Ерлан Омаров;
«Үздік сараптамалық материал» номинациясында «Казахстанская правда» республикалық газетінің журналисі - Фиронова Валентина;
«Үздік радиобағдарлама» номинациясында «Шалқар» радиосының «Ән домбыра» бағдарламасы;
«Үздік аймақтық радиостанция» номинациясында - «Астана» радиосы;
«Үздік репортаж» номинациясында - Олжас Беркінбаев;
«Үздік республикалық баспасөз басылымы» номинациясы бойынша «Айқын» республикалық газеті марапатталды.
«Үздік салалық басылым» номинациясында - «Дружные ребята» газеті;
«Үздік жыл журналы» номинациясында «National Geografic Қазақстан» журналы;
«Журналистикадағы дебют» номинациясында «7kun.kz» сайтының журналисі - Мөлдір Иманмәди;
«Үздік журналистік зерттеу» номинациясында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі - Жанболат Аупбаев;
«Үздік интервью» номинациясында «Капитал» республикалық газетінің тілшісі - Виктория Говоркова;
«Үздік аймақтық баспасөз басылымы» номинациясында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті - «Рейтинг» газеті;
«Қазақстан туралы үздік танымдық материал» номинациясында «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі - Думан Анаш;
«Үздік халықаралық сараптамалық материал» номинациясында «vlast.kz» сайтының журналисі Зарина Ахматова, Сонымен қатар, осы аталымда «Informburo» ақпарат агенттігі арнайы сыйлыққа ие болды. «Медиасерпін» аталымы бойынша «Massaget.kz» сайты үздік деп танылды.
Айта кетейік, мамыр айының басында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді Баспа, радио және интернет журналистика саласындағы тұңғыш «Үркер» ұлттық сыйлығына қатысуға шақырған еді. Байқауға қатысу туралы өтініштер 7 мамыр мен 7 маусым аралығында қабылданды. Ұсынылған еңбектерді белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кәсіби журналистерден құралған қазылар алқасы сарапқа салды.