«Таңшолпан». Әнші Құрмаш Махан: Биыл үлкен сахнаға шыққаныма – 20 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әнші Құрмаш Махан: Биыл үлкен сахнаға шыққаныма – 20 жыл (ВИДЕО)

29.05.2017
«Таңшолпан». Әнші Құрмаш Махан: Биыл үлкен сахнаға шыққаныма – 20 жыл (ВИДЕО)

Әнші, сазгер Құрмаш Махан бағдарлама қонағы болып, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті.

«Үлкен сахнаға шыққаныма биыл – 20 жыл. Осы 20 жылдыққа байланысты биыл немесе келесі жылы жеке әншілік концерт беремін.

Одан басқа қазір Қазақ ұлттық өнер университетінде студенттерге эстрадалық ән салу пәнінен сабақ беремін. Ол жерге балалар мектептен дайындықпен келеді. Шәкірттерімізді байқауларға жіберіп тұрамыз.

Әр адам қолынан келетін нәрсені, өз мамандығымен жұмыс жасау керек. Икемі жоқ жасты дайындау оқыту орнына да, ұстазға да, балаға да тиімсіз. Қай сала болса да өз маманымен толықпаса, қоғам кері кетуі мүмкін», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу