Ғазиза Әбдінәбиева: Экранға жан-дүниемдегіні шығарамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғазиза Әбдінәбиева: Экранға жан-дүниемдегіні шығарамын

27.03.2018

Бүгін – дүниежүзілік театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болды. Ғазиза Әбдінәбиева театр әлемінде 25 жыл қызмет жасап келеді.

«Қазір зейнеттемін. Биыл 70 жасқа толамын. Кейінгі ұрпақ өсіп келе жатыр. Олар ойнауы керек. Сахнаға үлкен сезім, жауапкершілікпен шығасың. Әрине сағынасың, бірақ үлкен рөлдерді ойнап шыға алмайтыныңды мойындау керек.

Бала кезімде Роза Бағланова секілді әнші боламын деп армандадым. Алайда актер бөліміне түсіп, актер шебері болдым. Ұстаздарым керемет болды. Кіші рөлдер болмайды. Әрбір рөл маңызды. Экранға жан-дүниемдегіні шығарамын», - дейді өнер иесі.

Хабарламаларға жазылу