Гүлнұр Оразымбетова: Биыл «Арманым-ай» атты ән жинағым шықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлнұр Оразымбетова: Биыл «Арманым-ай» атты ән жинағым шықты (ВИДЕО)

31.12.2014
Гүлнұр Оразымбетова:  Биыл «Арманым-ай» атты ән жинағым шықты (ВИДЕО)

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Гүлнұр Оразымбетова қонақта болып, сұхбат берді. Әнші 2014 жылы жылқы жылында жеткен табыстарымен бөлісті.

«2014 жыл отбасым үшін жақсы жыл болды. Үлкен ұлымыз биыл қазақ-түрік лицейінің грантын жеңіп алды. Өзім кезекті мүшелден шықтым. Өнерге қатысты айтатын болсам, биыл үйде көп отырмадым. «Арманым-ай» деген атпен ән жинағым шықты», - дейді ол.

Сондай-ақ,  Гүлнұр Оразымбетова Жаңа жылды қалай  қарсы алатынын, қандай ас әзірлейтінін айтты.

«Бала кезде Аяз Атаның бар екеніне сендім. Оған хат та жазатынбыз. Аяз Атадан сұрайтыным – сахналық көйлектер болды», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу