Жас әнші Иса Әлимұса «Таңшолпан» төрінде қонақта (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас әнші Иса Әлимұса «Таңшолпан» төрінде қонақта (ВИДЕО)

25.02.2018

«Таңшолпан» төрінде жас әнші Иса Әлимұса қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Әнші 2017 жыл табысты болған айта келе, алда атқарар жұмыстары көп екенін жеткізді. Бүгінде ол «Сағынба» атты жаңа әнін тыңдармандарына ұсынды. Алдағы уақытта осы әнге бейнебаян жазу ойында бар.

«Қазір өңірлерде гастрольдік сапармен жүрмін. Тыңдармандардың ықыласы ерекше. Жақын уақытта Ақтөбе және Қарағанды өңірлеріне барамын»,- дейді әнші.

Айта кету керек, Иса Әлимұса «Қазақстан дауысы», «Музарт Life» сынды жобаларға қатысып, үлкен сахнаға жолдама алған әншілердің бірі.

 

Хабарламаларға жазылу