«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан күнделікті «Інжу-Маржан» және «Күмбір де күмбір тербетіп» атты жаңа шағын бағдарламааралық тележоба көрсетіле бастады.
«Інжу- Маржан» - қазақ ұлттық өнерінің дәстүрлі ән-күйлерін, өлеңдерін, жыр-термелерін насихаттауға бағытталған, халықты отандық классикамен сусындап отыруға арналған жоба.
Қазақ өнеріне аса құнды, бай мұра қалдырған өнерпаздар есімдерін ұмытпай, асқақтату үшін Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақталған олардың қаз-қалпында орындауындағы ән-күйлерді эфирден күнделікті беру жоспарда бар.
Кенен Әзірбаев, Дина Нұрпейісова, Мағауия Хамзин, Күләш Байсейітова, Рахым Тәжібаев, Жамал Омарова, Елемес Таласбайұлы, Жәнібек Кәрменов сынды қазақ өнерінде шоқтығы биік тұлғалардың орындауында түрлі ән-күй, өлең, жыр-термелермен сусындай аласыздар.