Басты Жаңалықтар Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды

Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды

Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды. Reddit платформасында Flags of the World атты ауқымды онлайн-турнир аяқталды. Интернет қолданушыларының дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстанның туы бірінші орын алды, делінген ақпаратта. Reddit-тегі r/flags атты тақырыптық қауымдастықта ресми түрде танылған барлық мемлекеттердің тулары арасынан ең үздігі таңдалды. Финалда Қазақстанның көк байрағы Океаниядағы Кирибати мемлекетінің туын басып озды. Топ төртікке сондай-ақ Кирибати, Бутан  және Сейшел аралдары кірді. Сонымен қатар Reddit платформасында тағы бір байқау басталды — пайдаланушылар әлемдегі ең үздік елтаңбаны таңдауда. Қазақстан 26-топқа түсті. Бұл топта Қазақстанмен бірге Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Пәкістан және Мальдив аралдары кірді. Платформа қолданушылары әлем елдерінің арасынан ең әдемі мемлекеттік елтаңбаны анықтау үшін дауыс беруді жалғастырып жатыр.

Бөлісу