«Таңшолпан». Астанада «Kazakhstan Fashion Week» аптасы басталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Астанада «Kazakhstan Fashion Week» аптасы басталды (ВИДЕО)

11.04.2017
«Таңшолпан». Астанада «Kazakhstan Fashion Week» аптасы басталды (ВИДЕО)

Елімізде барлық сәнқой мамандары күтетін ерекше іс-шарасы - «Kazakhstan Fashion Week» сән аптасы өтпек. Қонаққа келген журналист биылғы сән аптасы немен ерекшеленетіні, қазақстандық дизайнерлер, қазақстандық өнімнің кемшіліктері мен ерекшеліктері туралы айтып берді.

«Бүгін Астанада «Kazakhstan Fashion Week» аптасы басталды. Ол тек сән, жарнама емес, ол – бизнес алаңы. Біз қазір өзіміздің сән, дизайнерлік өнімдерді дамытып жатырмыз. Дегенмен қазақ қыздары соңғы уақытта ғана Қазақстанда жасалған киімдерді киіп жүр. 10 жыл бұрын біздер Италия, Испания және басқа шет елдерден әкелінген киімдерді киетінбіз. Сондықтан, біздің дизайнерлер үшін ең басты мәселе – өндірісті дамыту.

Елімізде сән үйлер өте көп. Жаңа және көп жылдан бері жасап келе жатқан дизайнерлер де бар. Бәсекелестік үлкен. Дегенімен, қазіргі проблема – елде өндіріс жоқ. Дизайнерлерлік киімнің құны халық «қымбат» деп есептейді. Оның себебі - бізде жеңіл өнеркәсіп дамымаған, өз маталарымызды жасамаймыз. Осы бағытта жұмыс жасау керек», - дейді Айгүл ханым.

 

Хабарламаларға жазылу