Бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы – ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Бүгін Алматы халықаралық әуежайынан Дубайға бағыт алған әуе рейсі кері оралуға мәжбүр болды. Бұл - соңғы 1,5 айдың ішінде «Air Аstana» әуе компаниясындағы бесінші жағдай.
«Оқиға бойынша Көліктік прокуратурамен жұмыстар атқарылуда»,- деді министр.
«Жалпы, жыл сайын Қазақстандағы авиация нарығы 5 пайызға артып отырады. Өткен жылы еліміздегі 21 әуежай 11 миллион жолаушыны қарсы алған. Оның ішінде 5 миллионы - Алматы, 3,5 миллионы - Астана, 900 мыңға жуығы Ақтауға, қалғаны өзге аймақтарға тиесілі», деп атап өтті.
Ұшақ бағасы қымбаттай ма, әлде керісінше ме? Ұшақ билеттерінің бағасы не нәрсеге тәуелді? Министр осы сауал төңірегіндегі мәселеге де пікірін білдірді.
Ал, біздегі теміржол билеттерінің тарифтері көршілес елдерге қарағанда екі есеге төмен екенін атап өтті. «Тарифтың жартысын республикалық бюджет субсидия ретінде беріп отыр. Ал, анығы, осы жылы баға өзгермейді», - деді министр.