Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы 2017 жылғы 1 ақпаннан бастап елорда аумағында орналасқан, жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен 2017 жылы субсидия алу үшін құжаттарды қабылдайды.
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын өтеу мақсатында беріледі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтініштер мен өтінімдер 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 203-бөлме мекенжайы бойынша қабылданады.