
23 қаңтар, дүйсенбі, 2017 жыл
Қолмен хат жазу күні
Мереке бүгін баспа, сандық ақпарат жаулап алған кезеңде әділетсіз ұмыт болған қолмен жазылған хаттың маңыздылығын көпшіліктің есіне түсіруге арналды. Бастамашылық еткен Жазу құралдарын өндіру қауымдастығы болды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
35 жыл бұрын (1982) Қазақтың академиялық опера және балет театрында «Ақан сері - Ақтоқты» операсының премьерасы өтті. Алғашқы қойылымда бас партияларды Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Х.Қалиламбекова мен К.Мыржықбаев орындады. Операның авторы - С.Мұхамеджанов.
28 жыл бұрын (1989) алып астероид Жерге тақау ағып өтті. Егер ол 6 сағат бұрын жеткенде Жерге соқтығысады екен.
25 жыл бұрын (1992) БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүше етіп қабылдау туралы қарар қабылдады. 1992 жылғы наурыздың 2-сінде Қазақстан БҰҰ-ның толық мүшесі болды.
ЕСІМДЕР
1147 жыл бұрын (870-950) қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ, Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби дүниеге келді.
234 жыл бұрын (1783-1842) француз жазушысы СТЕНДАЛЬ (шын аты-жөні - Анри Мари Бейль) дүниеге келді.
78 жыл бұрын (1939) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚАЛИЕВ Байынқол Қалиұлы дүниеге келді.
55 жыл бұрын (1962) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасының доценті, күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ҮЛКЕНБАЕВА Айгүл Нариманқызы дүниеге келді.
