Абдолла Қарсақбаевтың туғанына - 100 жыл
Биыл қазақ киносының көрнекті режиссері, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толды. Осыған орай Алматы облысында әйгілі кинорежиссердің мерейтойына арналған салтанатты кеш ұйымдастырылды. ЮНЕСКО аясында тойланған тағылымды шарада Қарсақбаевтың шығармашылық мұрасы дәріптеліп, ұлттық кино өнеріне қосқан өлшеусіз еңбегі кеңінен насихатталды.
Мерейтойлық жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кинорежиссердің зайыбы
Клара Қарсақбаева, туыстары мен шәкірттері қатысты. Облыс әкімі Марат
Сұлтанғазиев Абдолла Қарсақбаевтың есімі халық жадында мәңгі сақталатынын атап
өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып
берді.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
Мемлекетіміз Абдолла Қарсақбаевтың еңбегін әрдайым жоғары бағалайды. Дарынды режиссер өз туындыларына қазақы танымды ұлттық рух пен тәлім-тәрбиені арқау етті. Сол арқылы өскелең ұрпақтың дүниетанымын байытуға елеулі үлес қосты.
Кеште сөз алған өнер қайраткерлері режиссердің қазақ кино өнеріндегі орны
айрықша екенін айтып, жылы естеліктерімен бөлісті. Олар Абдолла Қарсақбаевтың
туындылары бірнеше буынның рухани тәрбиесіне ықпал етіп, ұлттық болмысты экран
арқылы шебер жеткізе білгенін ерекше атап өтті.
Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық әртісі:
«Менің атым Қожа» бүкіл Францияны дүр сілкіндіріп, бәйгені қанжығасына алып Әбекем келгенде қуанбаған қазақ болмаған шығар деп ойлаймын.
Концерттік бағдарламада көрермен режиссер туындыларының мазмұны мен тәрбиелік
мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерейтой
аясындағы мәдени шаралар жыл бойы жалғасады. Режиссердің өмірі мен
шығармашылығына арналған кездесулер мен арнайы кештер облыстың барлық ауданында
өтпек.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Бразилия 1/8 финалға өтті
30.06.2026, 13:18
Алматыда 500-дей автобус экологиялық талапқа сай емес
30.06.2026, 13:15
Қазақстан – Саратов: Тауар айналымы $266 млн асқан
30.06.2026, 13:12
«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысына ₸7 млрд бөлінді
30.06.2026, 13:09
Түркістанда қыз алып қашқандар ұсталды
30.06.2026, 13:06
Полиция департаменті: Жалған QR көбейді
30.06.2026, 13:03
Президент: Мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз
30.06.2026, 13:00
Бельгияда қазақ мәдениетін терең танығысы келетін шетелдіктер көп
30.06.2026, 10:07