Жамбыл облысында қазақтілді этностар көбейіп келеді
Жамбыл облысында қазақ тілінде сөйлейтін өзге этнос балаларының қатары артып келеді. Қазақ ертегілерін естіп өсікен өрендердің тілге деген құрметі ерекше.
Олардың мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылығын арттыруға қариялар қауымының қосқан үлесі зор. Ақсақалдары ортақ дәстүрді сақтау мен бата беруге дейін үйретсе, әжелер балабақшаларды аралап ертегі оқып беріп жүр. Тараздық зейнеткерлер 3 жылдан бері өңірдегі бөбекжайларға аптасына 2 рет барып ертегі оқуды әдетке айналдырған. Айталық былтыр әжелер мектепке дейінгі мекемелерде 62 сағат ертегі оқыған.
Алан Хусанбаев:
Мен қазақ тілін жақсы көремін. Тақпақ тыңдаймын, мультик тыңдаймын. Қазақ достарым көп, көп. Олармен ойнаймын. Қазақша сөйлеймін: «Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, өте бергін жасқанба».
Жалпы Жамбыл облысы еліміздегі полиэтникалық өңірлердің бірі. Өңірде 87 этнос пен этникалық топ өкілдері өмір сүреді. Ал аймақ этнос саны бойынша республикада екінші орында. Облыста 41 этномәдени бірлесттік жұмыс істейді.
Нулифар Аидинова, №27 балабақша тәрбиешісі:
Балабақшада негізі біз өзіміз балаларға орыс топ болғанымен, қазақ ертегілерін де оқимыз. Дәстүрін де көрсетеміз, үйретеміз. Қазақстанда тұрғанымыз үшін тілін, салт-дәстүрін бала білу керек. Кішкентай кезінде соған үйретсек бала соны үлкейгенде сыйлайды деп ойлаймыз. Бала қаншама тіл білсе сол адамның негізі байлығы.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16